«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалында 7 сәуірде басталған біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды.
Курстар барысында педагогтер заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды меңгеріп, оқыту сапасын арттыруға бағытталған дағдыларын жетілдірді. Тыңдаушылар цифрлық құрылғыларды тиімді қолдану, бағалау жүйесін меңгеру және зерттеушілік қызметті ұйымдастыру бойынша тәжірибе жинақтады. Курс аясында қала мектептерінде көшпелі тәжірибелі сабақтар, семинарлар мен воркшоп форматындағы шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, тыңдаушылар нақты тәжірибемен ұштастыра жұмыс жасады. Педагогтер кәсіби қоғамдастықта бірігіп, өзара байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Курс соңында барлық тыңдаушыларға біліктілікті арттырғаны жөнінде сертификаттар табысталды. Бұл курстар мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, оқыту үдерісіне жаңаша көзқараспен қарауына жол ашты.


