«Ақтөбе-Өрлеу» кәсіптік даму институтында Көркем еңбек, тарих және құқық, орыс тілі мен әдебиеті, математика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары табысты аяқталды.
Сөз сөйлеген тренерлер, институт басшылығы білім беру процесінің шарттары өзгергенін, оқыту процесінде жаңа технологияларды, оқытудың әлемдік тәжірибесін пайдалана отырып, жалпы білім берудің әдістері мен тәсілдерін жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Курс тыңдаушылары – мұғалімдер жоғары кәсіби деңгейін, практикалық мазмұндылығын , курстардың өзектілігін және жұмыс тәжірибесімен алмасуды атап өтті. Одан әрі тығыз ынтымақтастыққа алғыс сөздер мен тілектер айтылды.






