15-26 қыркүйек аралығында мемлекеттік тапсырыс аясында мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары өтеді. Курс қазақ және орыс тілдерінде, мынадай тақырыптар бойынша өтеді.
- Жаһандық құзыреттер.
- Инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің базалық құзыреттерін қалыптастыру.
- Эмоционалдық интеллект – педагогтің кәсіби міндеттерін шешу құралы
- Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту.
- Әдебиеттік оқу сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру.
- Қоршаған ортаны қорғау аспектілерін география пәнінде оқытудың тиімді жолдары.
- Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру.
- Биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту.
- Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы.
- Исследовательская и проектная деятельность обучающихся начальной школы.
Курс барысында ұстаздар теориялық білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасып, заманауи әдістерді меңгереді. Интерактивті әдістерді үйрену арқылы, алдағы өз сабақтарына тың серпін беруге мүмкіндік жасайды. Әр дәріс жаңашылдыққа толы болғандықтан, тыңдаушылар кәсіби даму жолында жаңа қадам басатынына сенімдіміз.
Ізденіс жолындағы барша ұстазға жаңа тәжірибе, айқын мақсат және мол табыс тілейміз!
