Біліктілікті арттыру курстары өтуде

      «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы курс Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы ЖОББМ                                        базасында өтуде. Курсқа Оралдың «Өрлеуі» Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының тәжірибелі тренері Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы жетекшілік етуде.

    5 тамыз күні бастау алған курста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері біліктіліктерін шыңдауда.

    Курс барысында тыңдаушылар теориялық білімдерін жетілдіріп, пәннің мазмұнын анықтайтын білім берудегі нормативтік құжаттар, коммуникативті дағдыларды дамыту, көркем шығармаларды оқыту және талдау, білім берудің заманауи трендтері, сөйлеу мәдениетін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, әдебиет теориясына бағытталған т.б. тақырыптарды меңгереді.

      Екі апталық курста педагогтер тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін нығайтпақ.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар