Біліктілікті арттыру курстары

«Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстары ашылып, оқыту жұмыстары жүргізілуде.
Курстардың тақырыптық бағыттары:
Ағылшын тілі мұғалімдеріне: «Ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»;
Математика пәні мұғалімдеріне: «PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту»;
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне: «Programme for International Student Assesment» PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттырудағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»;
Кітапханашыларға: «Орта білім беру ұйымдары кітапханаларының инновациялық қызметінің заманауи стратегиялары»;
Биология пәні мұғалімдеріне: «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»;
Тарих пәні мұғалімдеріне: «Білім беру мазмұнының жаңарту жағдайында тарих пәні мұғалімдерінің талдау және зерттеушілік қабілеттерін дамыту»;
Әлеуметтік педагогтерге: «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту».
Курстар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып оларды бағалаудың технологиясы бойынша өзінің кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар