Ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтында мемлекеттік тапсырыс бойынша 2022 жылы курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында «Біліктілікті арттыру курсынан – педагогтің табысты тәжірибесіне» тақырыбындағы нетворкингі өтті. Іс-шара курстан кейінгі кезеңде педагогтердің сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының мазмұны мұғалім қызметінің жаңа, маңызды кезеңін, яғни оқу аяқталғаннан кейін тәжірибеге өзгерістер енгізуге байланысты курстан кейінгі жұмыстарды қарастырды.Нетворкинг жұмысына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері, бастауыш сынып, математика, ағылшын тілі, жаратылыстану-ғылыми бағытындағы 350-ге жуық мұғалім қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар маңызды сұрақтарға, Курстан кейін мұғалімнің мектеп тәжірибесіндегі өзгерістердің басым жағы қандай? Мұғалім оқыту мен оқуды жақсарту әдістерін қалай құрастырады? Қандай кедергілер арқылы? Мұғалімге қандай қолдау қажет? жауап таба алды.







