Біліктілікті арттыру курсы аясындағы интерактивті семинар

2022 жылдың 3 наурызында біліктілікті арттыру курсы аясында директор-көшбасшы Цай Раиса Андреевна мен Алматы қаласының №79 гимназияның басқарушы командасы, сондай-ақ, Өрлеу ББЖҚБАРИ тренерлері Тен А. С. Мен Жартынова Ж. А. жетекшілігімен Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 50 басшысына арналған интерактивті семинар өткізілді.

Семинарда жан басына қаржыландыру және цифрлық трансформация жағдайында инновациялық менеджментті қолдану бойынша гимназия директорының практикалық тәжірибесі таныстырылып, таратылды.

Гимназияның басқару командасы жергілікті желі көмегімен білім беру процесін автоматтандыру және тәрбие жұмысын мектеп ішінде бақылау бойынша жұмыс тәжірибесімен, пәндерді оқыту сапасын арттыру бойынша қадағалау, білімдегі кемшіліктерді жою амалдарымен бөлісті, сондай-ақ “Қаланың үздік 50 мектебі” контекстінде “Интерактив” білім беру бағдарламасы жарияланып, “Түлек бейнесі” кейс-сессиясы және шығармашылық синергиясы өткізілді.

Мобильдік қосымшалардың көмегімен жасалған рефлексия мен кері байланыс еліміздің түрлі өңірлеріндегі білім беру ұйымдарының басшылары үшін семинардың жоғары дәрежесі мен практикалық маңыздылығын көрсетті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар