Біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды

Еліміздің ордасы Астана қаласында «№8 мектеп лицей» КММ базасында «Өрлеу» ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Комекова Сандугаш Оралхановнаның ұйымдастыруымен «Жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында орта білім беру ұйымдары директорларына арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

Курс барысында жан басына қаржыландыруға көшу жағдайындағы орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен нормативті қаржыландыру бойынша заңнамалары зерделеніп, ұйымды қаржыландыруда құқықтық реттеудің белсенді және инновациялық әдістері талқыланды. Мектеп басшысының басқарушылық және шешімдерді қабылдау үшін қаржылық сауатты болу мен белгілі бір дербестігі болуы қажеттігі туралы айтылды.

Жекеменшік мектептер желісін дамыту мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілді – осылайша, жекеменшік мектептерде орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

(1) Пікір

  • Кунумбала 17.10.2022 @ 13:42

    Жалпы орта білім беру мекемелерінің жұмыс құрылымында өзгерістер өте көп. Қазақстан Республикасының экономикалық даму кезеңдерінің түйткіл мәселесін шешетін оң өзгерістер екенін білесіздер. Білімді ұлт болашағының кемелденуі басшы кадрлардың біліктілігіне байланысты. Нарықтық экономикада заманауи оқу мен оқытудың тиімді дағдысын қалыптастыру мектеп басшысының құзыреттілігіне сын екені сөзсіз. Осы орайда әр мекеме басшысының біліктілігін көшбасшылық құзыреттілік деңгейде көру негізгі мәселе болып табылады. Жалпы білім саласының басшы кадрларын оқыту, үйрету, дамыту Алматы қаласындағы ББЖҚБАРИ (РИПКСО) оқу орнының тікелей басты бағыты болатын. Қысқа мерзімді екі апталық курстардың тақырып, мазмұны, практикалық дамыту мүмкіндіктері ең жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Республикалық деңгейде бұл оқу орнының оқыту үдерісінің маңызы зор. Басшы кадрларды оқыту бағдарламаларында тренерлердің тәжірибелі тағламдаманы меңгерту дағдысынан тұратынын білгеніміз дұрыс. Басшы кадрларға арналған бағдарлама заманауи, инновациялық дағдының қалыптасуы мен дамуына үлес қосатыны сөзсіз. Мектеп басшыларын оқыту курсының неше жылғы бай іс-тәжірибесінің нәтижесі тек РИПКСО тағламдамасының мазмұнында екені білгеніміз жөн. Институт тренерлеріне айтар алғысымыз зор. Ақ жол, сәттілік тілейміз!

Пікірлер жабық.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар