05-11 қаңтар аралығында елорда мектептерінің 250-ден астам педагогі біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтап, куәліктерін алды.
«943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясындағы оқу бағдарламасы педагогтердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруға, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін білім беру құралдарын пайдалана отырып, тапсырмалар әзірлеуге бағытталған.
Тыңдаушыларға оқу-әдістемелік кешендері мен жұмыс дәптерлері берілді. Курстарды Қарағанды, Ақтөбе облыстары, Алматы және Астана қалаларындағы «Өрлеу» филиалдарының оқытушылары, сондай-ақ TAMOS SPACE SCHOOL мектептерінің тәжірибелі педагогтері өткізді. Тыңдаушылар тарапынан курстардың жоғары кәсібилігі және практикалық бағытталған мазмұны жоғары бағаланды.
«Өрлеу-Астана» филиалы «Өрлеу» филиалдарының басшылығына, Астана қаласының әдістемелік орталығына, Астана қаласының Білім басқармасына және №18 орта мектеп ұжымына курстарды ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Тыңдаушыларымызға шығармашылық табыс пен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жоғары нәтижелер тілейміз!





