Үстіміздегі жылдың 26 наурыз -5 сәуір аралығында Жаңақала ауданының Жаңақала мектеп-гимназия базасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері біліктілікті арттыру курстарына қатысуда.
Курс «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында жүруде.
Курс барысында тыңдаушылар мектепке дейінгі ұйымның тәрбие-білім беру үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін талдау және қолдану дағдыларын меңгереді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру міндеттерін шешу үшін ойын және IT-құзыреттіліктерін қалыптастырады.
Біліктілік арттыру курсына Педагогикалық және пәндік әдістер кафедрасының тренері Гульфия Алипкалиева жетекшілік етуде.
Курс тыңдаушыларына біліктілікті арттыру курстарына қатысып, кәсіби біліктері мен білімдерін шыңдауына тілектеспіз! «Өрлеумен» бірге болыңыз!


