Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында «Ақтөбе-Өрлеу» филиалында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы бастау алды.
Біліктілікті арттыру курсы инклюзивті білім берудің педагогикалық-ұйымдастырушылық негіздерін, психологиялық-педагогикалық қолдауды, түзете отыра дамыту және оқыту технологияларын пайдалануды, әр балаға оңтайлы педагогикалық бағытты жобалау бойынша мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған. Курс барысындаи курс тыңдаушылары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтіп, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу технологияларын қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Курс тыңдаушыларына сәттілік, шығармашылық жетістіктер тілейміз!! !


