Біліктілікті арттыру – тәжірибені тиімді ету жолы

СҚО Өрлеу филиалында  2022 жылдың 23.05-03.06. аралығында орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсы онлайн режимінде өткізілуде.

Курстың өзектілігі тыңдаушыларға заманауи білім беруде оқыту үдерісін тиімді етудің  нормативтік құқықтық, педагогикалық-психологиялық  даярлық деңгейлерін зерделеу және теориялық білімдерін жетілдіруге бағытталған.

Біліктілікті арттыру аясында оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруда оқушылардың тілдік дағдыларды дамытуда инновациялық технологияларды пайдалану,  оқу әдістемесін жетілдіруде Soft skills дағдыларын қалыптастыру, IT технологияларды тиімді қолдану деңгейлерін интернет-платформаларда тапсырмаларды құрастыру,  сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің негізгі идеясы туралы ақпараттарды зерделейді.

Тыңдаушылар оқудағы кедергілерді анықтау және оларды жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді сабақты ықпалдастырудың жолдарын  вебинар, өздік жұмыс, қорытынды тест жұмыстарын орындау арқылы өз құзыреттілігін көрсетеді.

Курс соңында тыңдаушылардың алған теориялық білімдерін бағалау мақсатында жоба, демо-сабақ таныстырылымын дайындау және оны  қорғау жұмыстары жүргізіледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар