Бүгін 3 сәуір күні Оралдағы «Өрлеу» кәсіби даму институтында біліктілік арттыру курстары басталды. Курстар «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту», «5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту», «Жаһандық құзыреттіліктер» тақырыптарында өтуде. Курстар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады. Біліктілік арттыру курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!





