Біліктілік арттыру курстары бастау алды

2023 жылдың 04 қаңтарынан бастап облыс педагогтері үшін бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстары ашылып, оқыту жұмыстары басталды.
Курстар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып оларды бағалаудың технологиясы бойынша өзінің кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады.
Қазіргі егеменді еліміздің ертеңі білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақтардың қолында. Олай болса, уақыт талабына, заман талғамына сай ұрпақ тәрбиелеуде білікті де білімді, құзыретті, жауапкершілігі мол ұстаздар ғана жүзеге асыра алады.
Педагогтардың заманауи талаптарға сай кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар