Біліктілік арттыру курстары жалғасуда

     24 сәуір күні «Өрлеу»-Орал институтында біліктілік арттыру курстары басталды. Пәндік курстарға аға оқытушылар Г. Таскалиева, С. Әбитова, Г. Өтеғұл, А. Абишева, Н. Самиғолла  жетекшілік етуде. Сонымен бірге Жаңақала, Теректі аудандарындағы курстарды Б. Габбасова мен Д. Жумагалиева  жүргізуде. 

       Курс барысында  тыңдаушылар пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларын зерделеп,  теория мен практиканы ұштастыра отырып, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгереді. Бүгінгі басталған курста аудан, қала мектептерінен 200 педагог біліктілігін арттыруда.  

       «Өрлеу»-Орал Кәсіби даму институтына біліктілігін арттыруға келген педагогтерге сәттілік тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар