Біліктілік арттыру курстары сәтті аяқталды

Ағымдағы жылдың 26 ақпаны мен 07 наурызы аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына, әдіскерлеріне және қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»,«Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»,«Мектепке дейінгі ұйымның білім сапасын басқару» тақырыптары бойынша облыс көлемінен келген тыңдаушыларымыз білімдері мен біліктіліктерін арттырды.🔷Тыңдаушылар педагогикалық шеберлік пен құзыреттілікті жетілдіруге арналған курстарда кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын дамытып шыңдады. Теориялық, практикалық тұрғыдан білімдерін молайтып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, білім қоржындарын толықтырды.🔷Курс тыңдаушылары қоржындарына байлаған тың идеяларын өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданысқа енгізеді деп күтеміз. Курс соңында әріптестеріміз курс кезінде алған ақпараттарының көп екенін айтып, біліктілік арттыру курстарының тренерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар