20 шілде күні курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша қалыптастырушы, жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру. Білім алушылардың азаматтық, тұлғалық болмыстарын қалыптастыру, отансүйгіштік қасиетке тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинар Орал қаласы «Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия» базасында өтті. Іс-шараға «Өрлеу»-БҚО институтының курс тыңдаушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар мақсаты: өзара тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Іс-шарада тыңдаушылар алдымен мектеп-гимназияның тыныс-тіршілігімен танысып, зерттеушілер тобының ұйымдастыруымен «Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету баспалдағы» тақырыбында постер-сессияға қатысты. Семинар барысында аталмыш мектеп-гимназиясының педагогтері «Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу», «Book Greator бағдарламасы негізінде оқылым және жазылым дағдылары бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары» тақырыбында жоспарлаудың жедел әдісі бойынша өзіндік кәсіби жобаларымен таныстырды.
Семинарда маңызды тақырыптар көтеріліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
