Үстіміздегі жылдың 01.03-15.03 аралығында Қостанай облысы, Арқалық қаласы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының 4 курс білімгерлері «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық практикадан өтуге дайындау» курсынан өтті. Сабақ барысында білімгерлер жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін, оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын, негізгі оқыту тәсілдерін, саралап оқытуды, спиральді қағидатты, оқу жетістіктерін бағалау критерийлері жүйесін, пән бойынша оқу жоспарларын меңгерді. Курс тыңдаушылары кері байланысқа шығып, сабаққа белсене қатысып, туындаған сұрақтарға жауап алып отырды. Сондай-ақ студенттерге алынған ақпаратты қолдану бойынша тиімді кеңестер берілді.
Есмырзаева А.О. «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы
