2023 жылдың 26 сәуір күні Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектебінде “Білімді және икемділікті шығармашылықпен қолдану” тақырыбында Ақтөбе облысы бойынша “ӨРЛЕУ” филиалымен бірлесе отырып, институт жоспарына сәйкес облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: “Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтің ішкі ұмтылысын дамыту” тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстың нәтижелері туралы озық тәжірибені ортаға салу және мектепке дейінгі балалардың ойын әрекеттерін мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру.
Облыстық семинар жұмысына Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ.м. К.Ж.Рахатова жетекшілік етті. Семинарды №10 жалпы білім беретін орта мектеп директоры И.Бексултанова, директордың бастауыш кластар ісі жөніндегі орынбасары С.Бакиева ашты. Семинарда мектепалды даярлық топ және бастауыш класс пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, дәстүрден тыс ерекше әдістерді көрсете білді. Семинарға тәрбиешілер, курс тыңдаушылары қатысты. Семинар барысында-психологиялық ахуалмен-А.Куспанова, бастауыш класс мұғалімдері К.Салыкбаева, Г.Амантаева өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді, бірқатар ұсыныстар қабылданды.


