«Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі – 2023» облыстық оқу сауаттылығы бойынша семинары өтті

2023 жылдың 05 желтоқсан күні «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен Түркістан қаласының №27 Ө.Жәнібеков атындағы IT-мектеп-лицейінің базасында Түркістан және Кентау қалалары, Бәйдібек, Созақ, Отырар және Сауран аудандарының қазақ, орыс және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі – 2023» облыстық оқу сауаттылығы бойынша семинары өтті. Семинардың мақсаты: білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалармен жұмыс жасауда педагогтердің шеберліктерін жетілдіру. Күтілетін нәтиже: 1. ББЖМ (МОДО) нәтижелері бойынша педагогтер өз тәжірибелеріне талдау жасайды; 2. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұндық және әдістемелік аспектілері негізінде педагогтердің оқыту әрекеттерін жетілдіреді; 3. Білім алушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда оқу жетістіктерінің деңгейлеріне сәйкес тапсырма (мәтіндегі деректерді талдау, ғылыми мәтіндермен жұмыс, т.б.) ажыратады, жетілдіру нысандарын айқындайды. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қаниева Ботакөз Құрбанқызы, Сембиева Гаухар Алимжановна, Шинтемирова Айсулу Шериевна, Турманбетова Амина Усенбекқызы; ағылшын тілі пәні бойынша Әлібекова Алтыншаш Кенжебайқызы, Абишева Айгерім Қыдырбайқызы; орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Джурабаева Дилраба Закировна, Марипова Жулдуз Калдыбаевна өз тәжірибелерімен бөлісті. «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ қызметкерлері Шойманова М.Б., Жанысбек Л., Абдирахманова И., Жолшыбекова С. семинарға қатысушы мұғалімдерге шебер-сыныптар өтті. Семинар соңында тәжірибелерімен бөліскен пән мұғалімдері мадақтамалармен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар