Ағымдағы жылдың 20-22 қарашасында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты қолдауымен «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Жаксылыкова Кенжегул Зарлыхановнаның жетекшілігімен Алматы қаласы Түрксіб ауданы №11 жалпы білім беретін мектеп педагогтеріне әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытындағы сапалы білімге қол жеткізуде тиімді инновациялық әдістерді пайдалану бойынша педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.
Семинарға РКДИ профессорлық-оқытушылық құрамынан Жартынова Жанар Алибековна, Байболова Гулжанат Габдулахметовна, Ыбышева Алмагул Сеитжановна қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар күндерінде педагогтермен ББЖМ қатысты өзекті сұрақтар талқыланып, оларға пәндік құзыреттіліктерге бағытталған кеңестер мен ұсыныстар берілді, кері байланыс жұмыстары жүргізілді. Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған және сындарлы оқытуға негізделген тиімді оқыту әдістемелері қарастырылып, құрастырылған тапсырмаларға талдау жүргізіліп, тәжірибелік жұмыстар жасалды.
Іс шара соңында ұйымдастырылған семинар күндеріне қорытынды жасалып, әдістемелік қолдау бағытындағы бірлесе жасалатын жұмыстардың жалғасатындығы айтылды.





