2023 жылдың 30 қазанында Алматы облысы Қарасай ауданы Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінде «Білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау жағдайында ғылыми – жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Іс-шараға 100 астам педагог қатысты.
Іс-шараны Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ директорының оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Хуршидам Масимова ашып, қатысушыларды семинардың мақсаты, міндеттері мен семинар жұмысының барысымен таныстырды.
Семинарда педагогтер бес бағыт бойынша топтарда жұмыс жасады:
1.Жаратылыстану бағыты;
2.Математикалық сауаттылық;
3.Гуманитарлық бағыт;
4.Ағылшын тілі;
5.Бастауыш білім беру.
Семинар жұмысында Институттың «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Гаухар Таджибаева, Ляззәт Адыбаева, Анар Тоқтасынова, Айгүл Байузакова және Нұрсауле Қылышбекова шебер-сыныптар өткізді.
Сонымен қатар, семинарда ағылшын тілі пәні бойынша мұғалімдер Қарасай ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің педагог-сарапшы Жанна Султанова және педагог-зерттеуші Гүлмира Нурдавлетова өз тәжірибелерімен бөлісті.








