Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Байзақ ауданының педагогтеріне арналған «Жаратылыстану пәндерінде оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру арқылы интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өткізілді. Шынар Тойғанбекова мен Андия Бейсенқұлова жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтермен оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту мақсатында зерттеу және жобалау қызметіне бағытталған тапсырмаларды талқылады. Мұғалімге жаңа ғасыр оқушысын тәрбиелеуге үлкен жауапкершілік жүктелгендіктен, семинар барысында мұғалімдермен белсенді тәжірибе алмасу жүргізілді, мұғалімдер бала бойында осы қасиеттерді тәрбиелеуге көмектесетін әдістер мен тәсілдерді меңгерді.

- 28 Дек
- 2022