БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Торайғыров университетінде «НОББ жүйесінде білім алушылардың ерте кәсіби өзін-өзі анықтауының өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Пленарлық отырысқа Өрлеу-Павлодар филиалының директоры Роза Ашимбетова, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко және Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының бас сарапшысы, Нәрікбаев университетінің аға оқытушысы Қуандық Тайболатов қатысты.

Спикерлер әрбір ұйымда педагогтің, болашақ ұстаздың дамуы үшін қандай іс-шаралар жүргізілетіні айтып өтті. Р.Ашимбетова мұғалімдердің біліктілігін, білім деңгейін арттыруға бағытталған курстар туралы сөз қозғаса, Ольга Андрющенко педагогикалық университет мектеп оқушыларын педагогика мамандығына баулу мақсатында атқарылатын жұмыстары жөнінде тәжірибесімен бөлісті.

Секциялық отырыста оқушылардың, студенттердің, магистранттардың, педагогтер мен педагог-психологтардың баяндамалары тыңдалып, олардың әрқайсысында практикалық тәжірибе мен ғылыми деректерге негізделген талдау мен қорытындылар қамтылды.

Айта кетерлігі, конференция «Негізгі орта білім беру жүйесінде білім алушылардың ерте кәсіби өзін-өзі анықтауын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» жобасын іске асыру аясында өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар