№40 жалпы білім беретін орта мектепте институтымыздың аға оқытушысы Жұбаева Жангүл Унаевнаның ұйымдастыруымен «Білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинары өтті. Оқыту семинарына облысымыздың бастауыш сынып педагогтеры қатысты.
Семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің заманауи сабақты жоспарлау жəне ұйымдастыру қабілеттерін жетілдіру, белсенді оқыту əдістерін тиімді қолданудағы шығармашылық ізденістерімен бөлісу, өзіндік тəжірибелерін көрсету арқылы
шеберліктерін арттыру.
Оқыту семинарын мектеп директоры Ж.У.Терекова ашып, ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап ететіндігі туралы нақты және жан-жақты қарастырып айтып өтті.
Мектеп мұғалімдері білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда белсенді жəне интерактивті əдістерді қолданудың тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде көрсетіп, ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен әдістер талданып, мұғалімдер олардың тиімділігі бойынша пікір алмасты.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, білім сапасын, педагогтардың біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықтарын дамыту мақсатында өткізілген оқыту семинары жоғары деңгейде өтті.
Курс тыңдаушылары мектеп ұжымына алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта білім беру бағытындағы сапалы әрі сындарлы жұмыстар, ұзақ мерзімді бірлескен ынтымақтастық жалғасын табатынына сенім білдірді.






