Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Жаксылыкова Кенжекул Зарлыхановнаның жетекшілігімен «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «4К» моделін дамытудың білім беру технологиясы» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде. Курс Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты базасында жүріп жатыр.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған «4К» моделін дамытудың білім беру технологиясы» білім беру бағдарламасы орта білім беру ұйымдары педагогтерінің 21 ғасырдың сыни ойлау, коммуникация креативтілігі және кооперация сияқты дағдыларын қалыптастыру үшін білім беру ортасын құру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.



