2 Наурызда № 14 мектеп-гимназия базасында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша шебер сағат өтті.
Жиын барысында кафедраның аға оқытушысы Боранбаева Л.К. педагогтердің назарын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, қазіргі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі екендігіне аударды. Функционалдық сауаттылықтың негізгі түрлері ( оқу сауаттылығы, қаржылық сауаттылық, математикалық сауаттылық, шығармашылық ойлау, жаратылыстану сауаттылығы, жаһандық құзыреттілік) және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалай дамыту керектігі туралы айтып, ақпаратпен бөлісті. Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту бойынша нақты мысалдар келтірілді.

