Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы: қалыптастыру мәселелері мен мүмкіндіктері

Бүгінде педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және білім саласында жаңа идеяны іске асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік кеңістік құру зор маңызға ие болып отыр. Әлемдік білім кеңістігіндегі білім алушылардың жетістіктері мен білім сапасындағы көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтау, жоғары деңгейге көтеру бойынша елімізде 2024 жылдан бастап «Мақсатты мектеп» немесе «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы іске асырылуда.

Әр педагогке курстан кейінгі қолдау көрсету бағыттарының бірі – сабағына қатысу, бақылау нәтижері бойынша жүйелі талдау жасау және жақсартуды қажет ететін тұстарына сындарлы кері байланыс беру. Осы орайда «Мақсатты мектеп» жобасы бойынша «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Жанар Жубауова Қазалы ауданындағы №98, №182 мектеп педагогтерінің сабақтарына қатысып, жоспарлау, оқыту және бағалау бойынша қажетті қолдау көрсету мақсатында кеңес, ұсыныстар берді.

Әдістемелік көмекті оқу қиындықтарын жеңудің негізгі факторы ретінде қарастыруға болады. Сабаққа қатысқаннан кейін назар аударуды қажет ететін кейбір аспектілер анықталды. Бұл сабақтар икемді және жаңа тәсілдерге ашық болуы, сондай-ақ білім алушыларды оқу процесіне белсенді түрде тартуы, оқу тапсырмаларының пәнаралық интеграция арқылы мазмұнының өмірмен байланысты болуы қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Филиал тренері Жанар Жубауова курстан кейінгі қолдау мақсатында химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы: қалыптастыру мәселелері мен мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

Педагогтерге сабақ жоспары бойынша «Дағдылар картасын» толтыру, оқу мақсатына сай білім алушылардың қандай дағдыларын дамыту, анықталған дағдыларды дамытуға бағытталған тапсырмалардың жоспарлануы туралы талқылау жүргізілді, әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен бірге ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының құзыреттері бойынша дағдыларды пәннің мазмұны негізінде қалыптастыру мүмкіндіктері мен жүзеге асыру жолдары қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша педагогтерге білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған мазмұнды ақпараттар берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар