Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тәжірибелер мен стратегиялар

«943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек беру жұмыстары жалғасуда.

6 ақпан күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы М. Шоқай атындағы №41 орта мектебінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді стратегияларды анықтау, тәжірибе алмасу және білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған семинар-практикум өткізілді.

«Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тәжірибелер мен стратегиялар» тақырыбындағы семинардың ашылуында Алаш көсемі Мұстафа Шоқай атындағы білім ордасының әдістемелік көрмесі мен STEM кабинетінің жұмысы таныстырылды.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Жанар Жубауова мен Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Қалипа Сәрсенбаева математика, физика, география, биология, химия және информатика пәні мұғалімдерінің сабақтарына қатысты. Бақылау нәтижелері бойынша сабақтың сәтті болған тұстарына позитивті комментарий беріліп, дамытуға бағытталған бөлігіне сындарлы ұсыныстар айтылды.

Семинар барысында филиал тренері қатысушыларға STEM білім беру негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары бойынша шеберлік сынып көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, пән мұғалімдеріне оқу мақсатына сай білім алушылардың қандай дағдыларын дамыту, анықталған дағдыларды дамытуға бағытталған тапсырмалардың жоспарлануы туралы талқылау жүргізді, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының құзыреттері бойынша дағдыларды пәннің мазмұны негізінде қалыптастыру мүмкіндіктері мен жүзеге асыру жолдары бойынша әдістемелік кеңес, ұсыныстар берді.

«Өрлеу» Қызылорда филиалында педагогтің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге бағытталған әдістемелік шаралар жыл бойы үздіксіз жалғасатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар