Білім алушылар және педагогикалық ұжым үшін оқыту мен оқу үдерістерін цифрландыру, сондай-ақ әдістемелік қолдау көрсету бағытында кәсіби талқылау өтті

📌«Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының базасында студенттер, білім алушылар және педагогикалық ұжым үшін оқыту мен оқу үдерістерін цифрландыру, сондай-ақ әдістемелік қолдау көрсету бағытында кәсіби талқылау өтті.

Аталған іс-шараға Білім-инновация лицейінің директоры Н.Токпашев, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат директоры Ә.Баймуратов, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының меңгерушісі Ғ.Қарамырзаев қатысып, білім беру үдерісін цифрлық форматта жетілдіру, инновациялық педагогикалық тәсілдерді енгізу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Кәсіби кездесу барысында қатысушылар білім беру саласындағы өзекті бағыттар бойынша нақты ұсыныстарын ортаға салды. Оқыту сапасын арттыруда цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, заманауи білім беру платформаларын енгізу және педагогтердің әдістемелік әлеуетін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Талқылау қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленіп, келісілген бағыттар аясында нақты іс-шараларды жүзеге асыру жөнінде өзара келісімге қол жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар