Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында: «Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс.»,-деген болатын. Бұл-міндет білім саласы қызметкерлерінің назарынан тыс қалмауы заңдылық. Қазіргі таңда білім саласын цифрландыру мен оқу процесіне ЖИ мен түрлі ресурстарды енгізу-бүгінгі күннің өзекті проблемасы.
Осыған байланысты «Өрлеу»-Жамбыл мен «Тaraz High School» жеке меншік мектептің бірлесе ұйымдастыруымен а.ж. 20 қыркүйек күні «Білім берудегі мультимедиялық технологиялар және жасанды интеллект» атты облыстық семинар өткізілді.
Жамбыл облысының педагогтері мектептегі білім беруде цифрлық технологиялар, медиа және ақпараттық сауаттылық жағдайында кәсіби құзыреттілікті дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.
Семинар барысында акмеологиялық тренингтер, шеберлік сыныптары мен пікірталастар ұсынылды, бұл мұғалімдерге оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырудың әдістері мен құралдарының арсеналын кеңейтуге мүмкіндік беретін болады.
Өңір мұғалімдері оқуды жеке тұлғаға бағыттау және материалдарды оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімдеу үшін ЖИ (жасанды интеллект) мүмкіндіктерін пайдалануға болатыны туралы жан-жақсы ақпараттар алды. Ұсынылған барлық әзірлемелер педагогикалық қауымдастық арасында шынайы қызығушылық тудырды. Семинарға қатысушылар өткізілетін іс-шаралардың жаңашылдығы мен қазақстандық білім беру жүйесін дамытуға қосатын зор үлесі туралы талдау жасап, мүмкіндіктердің мол екендігін атап өтті.