Ағымдағы жылдың 13 маусымында Алматы облысы бойынша Өрлеу ” Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру” біліктілікті арттыру курсы аясында аға оқытушысы Нұрсәуле Жанбырбаеваның жетекшілігімен тыңдаушыларға арналған Білім беруді ақпараттандыру педагогикалық технологиялар орталығында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.
Тәжірибелік сабақ барысында педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялары Орталығының ғылыми кеңесшісі Артықбаева Елена Викторовна білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту міндеттерін шешу мақсатында TopWriter, Sociation.org, Kartaslov, Yaklass, Skiv.instrao.ru цифрлық ортасы мен құралдарының мүмкіндіктерін көрсетті. Мұғалімдер электронды оқулықтар бойынша көптеген пайдалы және қажетті ақпарат алып, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында практикалық қолдануды анық көрді.

