Цифрлық технологияларды қолдануда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беруде STEM және STEAM – тәсілдерін іске асыру тәжірибесін тарату мақсатында «Өрлеу»-Нұр-Сұлтан филиалы «Өрлеу»- Шығыс Қазақстан облысы филиалымен бірлесіп, 18 қарашада «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтің кәсіби өсуі» тақырыбында Республикалық семинар өткізді. Семинардың пленарлық отырысы мен екі сессиясына республика өңірлерінен 500-ге жуық педагог қатысты.
Семинардың пленарлық бөлімінде алғы сөз арнаған филиал директорлары Г.Онланбекқызы және Г.С. Жұманова қатысушыларға сәттілік тіледі. Пленарлық отырыс барысында «Өрлеу»-Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Н.В.Цой, Ы.Алтынсарин ат.ҰБА «Білім беруді цифрландыру» зертханасының қызметкері Шаниев Е.Б., Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Байтасов Д.Д., «Okoo Ltd» компаниясының директоры Джунусов Д.С., «Өрлеу»-Нұр-Сұлтан филиалының кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. Иманғалиев Б.С. мазмұнды баяндамалар ұсынды.
Семинар жұмыс келесі бағыттар бойынша сессияларда жалғасты:
1. Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін сандық құралдарды пайдалану.
2. Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларға Steam – және STEAM-білім беруді ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері.
Сессияларда сөз сөйлеушілер цифрлық құралдарды қолдану, цифрлық білім беру ортасын құру, TinkerCad және Blender бағдарламаларында 5-6 сыныптарда 3D модельдеуді оқыту, оқушыларды робототехника бойынша конкурстарға дайындау, ЅТЕАМ–білім беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және т. б. тәжірибелерімен бөлісті.
Республикалық семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
Семинар жоғары деңгейде, өте мазмұнды өтті. Семинарға қатысушылардың пікірлері:
Зулфия Қадылбекқызы, Семей қаласы № 26 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Рақмет, көптеген қажетті матералдар алдық. Шығармашылық табыс тілеймін!
Серекбаева Күмисай Алимбаевна: Өте керемет түсіндіріп жатыр.
Шынар Усембаева КазНУИ: Көп рахмет, алғысым шексіз бүгінгі семинарға қатысқаным өзіме пайдалы болды. Ақпараттарыңыз үшін мың алғыс.


