Білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер әрқашан қоғамның дамуына ықпал етеді. Осы орайда, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шымкент қаласы бойынша КДИ өткізген семинарлары мен тренингтері білім беру жүйесінің сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Жаңашылдық пен инновация Орталықтың өткізген семинарлары мен курстары мұғалімдерге заманауи педагогикалық әдістерді, инновациялық технологияларды және оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Курс барысында «Мектептегі химия курсындағы химиялық эксперименттің рөлі» тақырыбында қызықты сабақ өткізілді. Осы сабақта химиялық эксперименттердің рөлін тереңірек түсіну үшін, өткізілген сабақтың нәтижелері мен әсерлеріне толқталсақ.
Сабақ барысында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, бір-бірінен үйренді. Оқыту әдістемелерін талқылап, тәжірибелік сабақтар өткізді және топтық жұмыстар ұйымдастыру арқылы ұстаздар арасында ынтымақтастық орнады. Бұл процесс білім беру жүйесінде жаңа идеялар мен шешімдердің пайда болуына жол ашады.
Курс тренері: Тугелбаева Эльмира