Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект және нейрондық желілер

2024 жылдың 6 қыркүйегінде Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында аға оқытушысы Гаухар Джарылгамысованың ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және нейрондық желілер: технологиялар, қолдану және этикалық аспектілер» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

Іс-шараға Алматы облысының Іле, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласының білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты – жасанды интеллект және нейрондық желілер саласындағы жаңа технологияларды таныстыру, олардың қолдану аймақтары мен әлеуетін зерттеу, сонымен қатар, осы саланың этикалық аспектілерін талқылау болды.

Семинарды алғы сөзбен Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев ашып, тақырыптың өзектілігіне тоқтала өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында «Білім беруде нейрондық желілерді қолданудың SWOT талдауы», «Жасанды интеллект – мұғалімнің ақылды және инновациялық көмекшісі», «ЖИ сабақты ұйымдастыруда қолдану: қазақша контент қалай жасаймыз?» және тағы басқа тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды.

Семинардың соңында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа әдіс-тәсілдер мен құралдарды меңгеріп, іс-шара ұйымдастырушысына өз алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, баяндамашылар озық іс-тəжірибесін көрсетіп, белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар