25 ақпанда «Білім беру жүйесіндегі тәлімгерлік және менторинг» халықаралық білім беру телекөпірі өтті. Телекөпір «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» Халықаралық әдістемелік орталығының жұмыс жоспары аясында ХӘО серіктес-өңірлердің білім беру саясатын іске асыру жағдайында тәлімгерлікті енгізу мәселелерінде кәсіби қарым-қатынас шеңберін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды

Іс-шара жұмысына қосымша кәсіптік білім беру жүйесінің мамандары, барлық санаттағы педагогикалық қызметкерлер, тиімді педагогикалық практиканың иегерлері қатысты. Қостанай облысынан Потапова К.В., Горбунова Е.В., Байменова А.С., Гнучая О.С. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп гимназиясы» КММ мұғалімдері, Иванова В.В., Денисов ауданы «№2 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі баяндамаларымен қатысты. Білім беру телекөпірі Қазақстан, Ресей және Белоруссияның білім беру саласындағы тәлімгерлік және менторинг практикасын зерттеуге және кеңейтуге ықпал етті. Қатысушылар білім берудегі тәлімгерлік пен менторингтің өңірлік модельдерін іске асырудың үздік тәжірибесін қарастырды және ұсынылған жаңа идеялар мен жұмыс модельдерін талқылады.
