Білім беру жүйесін жақсарту: мақсатты мектептер жобасы

     «943 – еліміздің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы Қазақстанда білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Бұл жоба ел бойынша 943 мектепті қамтиды және мектептердегі білім деңгейін арттыруға, барлық оқушыларға сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

      Оралдағы «Өрлеу» филиалында 18 наурыз күні өткен вебинарда біліктілік арттыру курстары бойынша бағалау мәселелері талқыланды.

      Вебинарға институт директорының орынбасары Кумыс Байкатова және Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының меңгерушісі Сәнім Абитова қатысты. Кездесуде үш деңгей бойынша тестілеу, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырма құрастыру, сабақ жоспарын құрастыру, сапаны бағалау және мониторинг жұмыстары жөнінде айтылды.

     Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етудің негізгі шарты мұғалімдердің кәсіби деңгейіне байланысты. Осыған орай, жоба мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған курстарды ұйымдастыруды мақсат етеді. Бұл курстар мұғалімдердің пәндік білімдерін жаңартуға және олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жобаның аяқталуы кешенді мониторингпен жүргізіледі, бұл мақсатты мектептерде оқу мен оқыту сапасын үздіксіз жақсартуға мүмкіндік береді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар