Білім беру мазмұнын жаңарту – колледжде

«Өрлеу» – Жамбыл аға оқытушы Аманкуль Есмырзаева Жамбыл жоғары политехникалық колледждің оқытушыларына «Жаңартылған білім беру мазмұны, сабақты жоспарлау және формативті бағалау» тақырыбында  әдістемелік семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – колледж оқытушыларына жаңартылған білім беру мазмұны, сабақты жоспарлау және формативті бағалау бойынша әдістемелік көмек көрсету. Семинар барысында оқытушыларға  жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты, құрылымы таныстырылып, критериалды бағалау жүйесін тәжірибеде қолдану мәселелері, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу жолдары мен ерекшеліктері қарастырылды. Іс-шараға қатысқан колледж оқытушылары бағалау, сараланған тапсырмаларды құрастыру қиындықтары туралы өздерінің пікірлерімен бөлісіп, критериалды бағалауды қолданудың жалпы мәселелерін талқылады. Семинар өзара тәжірибе алмасуымен аяқталды.

Дина Сейданова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар