2023 жылдың 11 қазанында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жиренбай Ержан Сапарұлы, білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ажикенова Гульмира Саулебековна және Алматы облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының директоры Иманхатова Гүлжихан Жалғасбековна Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен келді.
Институт әкімшілігімен кездесу өтті. Кездесу барысында білім беру сапасын дамыту, осы бағыттағы жұмысты бірлесіп жоспарлау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты, білім басқармасы, әдістемелік кабинет және білім саласындағы бақылау департаментімен өзара тәжірибе алмасу, басқарушылық және білім беру міндеттерін талқылау, білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша мәселелердің тиімді шешімдерін іздеу бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру келісілді.



