Білім беру орындарындағы буллинг әлеуметтік психологиялық мәселе ретінде.

«Әдіснама және педагогикалық инновация” кафедрасының аға оқытушылары Алия Естемирова, Ляззат Кенжехожаева, Гульмира Қуанышбек. 2023 жылдың 24 қаңтарында Шымкент қаласы, №40 Ақпан батыр атындағы жалпы орта мектеп базасында “Білім беру орындарындағы буллинг әлеуметтік психологиялық мәселе ретінде» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мeктeптeгі жacөcпipiмдep арасындағы бyллинг мәселесі және алдын алу шараларын тaлқылау. Аға оқытушылар әріптестерімен мектептегі буллингті құбылыс ретінде талқылады, Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресу бойынша мектеп шараларының ережесін қарастырды, мұғалімдерге білім беру ұйымдарында қорлауды анықтауға және оған қарсы тұруға көмектесетін ұсыныстарды талдады. Семинар соңында мектеп директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Балжан Файзуллаева жасөспірімдер арасындағы буллинг проблемасының өзектілігін атап өтіп, сынып жетекшілеріне Өрлеу филиалының қызметкерлерімен осы тақырыпта бірлескен іс-шаралар мен кеңестер өткізуді ұсынды. Қатысушылар пікірлерін білдіріп, оқушыларды тәрбиелеуде тиімді көмек көрсеткені үшін іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар