Білім беру процесінде SMART технологияларды қолданудың тиімді практикасы

Аға ұрпақ ардагерлерден өнеге алу, олардың озық еңбек үлгілері мен өмірлік тәжірибелерінен, жеке тұлғалық адами қасиеттерінен сабақ алу – бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына. Бүгін 12 қазан күні Хадиша Бөкеева атындағы облыстық Қазақ драма театрында «Өрлеу» АҚ-ның 10 жылдығы, білікті тұлға, педагогикалық еңбек ардагері Құспанов Өтебай Құспанұлының  80 жасқа толуына орай, «Білім беру процесінде SMART технологияларды қолданудың тиімді практикасы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық жиыны өтті. Биылғы жылы оныншы рет ұйымдастырылған шараға облыс, қала педагогтері, институт қызметкерлері қатысты.

Конференцияның мақсаты: Отандық тәжірибе негізінде білім беру жүйесінде смарт технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру.

Салтанатты шара №34 ЖББОМ «Шұғыла» би ансамблінің орындауындағы «Қыр басында қыз ойыны» биімен ашылды.  Мәжілісте ардагер ұстаз, мерейтой иесі Құспанов Өтебай Құспанұлы туралы «Ұстаздардың ұстазы» бейнефильмі көрсетілді. Пленарлық мәжілісті ашқан институт директоры Софья Измуханбетова білім саласындағы қажырлы еңбегін атап өтіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Мәжіліс барысында «Қазіргі оқу үрдісіндегі смарт технологиялар» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, залда отырған қатысушыларға QR-код таратылды. Конференцияға қатысушылар сауалмана толтырып, белсенділік танытты.

Пленарлық жиында Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Елдос Сафуллин «Білім беру процесінде SMART технологияларды қолданудың тиімді практикасы» тақырыбында баяндама жасап, іс-тәжірибесімен бөлісті.   

Сондай-ақ  Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, Қазақстан инновациялық және телекоммунациялық жүйелер университетінің президенті Ақсерік Әйтімов, Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директоры Айтпукешев Айдарбек, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті  атынан  математика кафедрасының меңгерушісі Самал Маутеева, мерейтой иесін құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Білім беру саласында ұзақ жылдар  қызмет атқарған ардагер-ұстаздар атынан  Марат Қадыров, Любовь Мажитова сөз сөйлеп, ізгі-тілектерін жаудырды.  

Конференция соңында институтпен ынтымақтастықта жұмыс атқарған  педагогтер, «Өрлеу» институтының аға оқытушылары мен мамандары алғыс хатпен  марапатталды.

Конференция ұжым қызметкерлерінің хорының орындауындағы «Туған өлкем» әнімен жабылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар