Бүгін Ақсу қаласының Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде Павлодар облысының ауыл мектебі мұғалімдеріне арналған «Білім беру сапасының құндылықтары» атты республикалық тәжірибелік семинары өтті.
Семинарға Астана қаласы, Қызылорда, Теміртау, Павлодар қалаларының 60-қа жуық педагогі жиналды. Өрлеу-Павлодар филиалының атынан А. Идилуп пен А. Мухаметалина оқытушылары сарапшылар ретінде қатысты.
Іс-шара барысында Педагогтердің дамуы мен кәсіби шеберліктерін арттыру мәселелері талқыланып, біріктірілген және панарамалық сабақтар өткізілді. Мұғалімдер оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданды. Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытып, сабақтарды оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастыруға бағыттады.
«Зияткер» және «МИФ» әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер инновациялық технологияларды сабақта қалай қолдану қажеттілігіне тоқталып, оқушылардың қабілеттерін дамыту жолдарын ұсынды.
Сондай-ақ, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми жоба сайыстарының жеңімпаз-оқушылары семинар қатысушылары үшін таныстырылым өткізді. Әрбір оқушы өзінің үздік жұмыстарының ерекшелігі, мақсаты, әлеуметке әкелетін пайдасы туралы айтып өтіп, жеңіске жету үшін қандай әрекет жасау қажеттілігі туралы айтып өтті.
Семинар ұйымдастырушылары алдына қойған мақсатына жетті, іс-шара қатысушылардың көңілдерінен шықты.