16 – 20 мамыр аралығында “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Қырғыстан Республикасымен халықаралық ынтымақтастық деңгейіндегі кездесу және «Білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында семинар өтеді. Халықаралық ынтымақтастық деңгейінде өтетін семинар қазіргі жағдайда білім алушылардың кәсіби бағдарлануын жүргізу үшін педагогтердің құзыреттерін дамыту және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылуда.
Семинардың міндеттері:
• шетелдік әріптестермен ынтымақтастық шарттарын, келісімдерін, келісімшарттарын және жұмыс бағдарламаларын белсенді және нәтижелі іске асыру:
• білім беру ұйымдарында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға байланысты тәжірибе алмасу бойынша міндеттер мен қызметтерді орындау.
Семинар жұмысының секциялары:
1. Оқу жоспарының құрылымы мен мазмұны, сабақтың мақсатын қою.
2. Сабақтың құрылымы, мақсатқа жету жолдары.
3. Мұғалімдердің кәсіби дамуын басқарудағы қадамдар.
4. Білім алушылардың құзыреттілігін арттыру ресурсы ретінде оқу жетістіктерін критериалды бағалау.
5. Инклюзивті білім беру: Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қалай оқытады.
6. Білім алушылардың оқу және шығармашылық уәждемесін арттыру үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
7. Қазіргі мектептегі педагогикалық менеджмент.
8. Сабақта функционалдық сауаттылықты қалай дамытуға болады?
9. Мектепке дейінгі білім беру педагогының ойын құзыреттілігін дамыту.
10. Мектепке дейінгі білім берудің тәрбие-білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдер.