2023 жылдың 25.09-06.10. аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ, Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Оспанкулова Шолпан Аблакимовна «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту»» тақырыбында аға тәлімгерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы Түркістан облысы, Жетысай ауданы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің базасында өткізілді. Біліктілік арттыру курсы барысында «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы аға тәлімгерге арналған біліктілікті арттыру курсының ерекшеліктерімен толығымен таныстырылды. Біліктілікті арттыру курсы 4 модуль арқылы жүргізілді. Курс барысында «Мектептегі буллинг: түрі, себебі, алдын алу»- тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: курс тыңдаушылары оқушылар арасында мектептегі буллинг (қорлық): түрлері, себептері және оның алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді. Топтық жұмыстар барысында топпен біріккен жұмыстар ұйымдастырылды.1.Әке тарапын кететін қандай қателіктер жібереді? 2.Ал ана тарапынан қандай қателіктер жібереді?3.Ал мұғалімдер қандай қателіктер жібереді?4.Ал оқушылар өзі қандай қателіктер жібереді? 5.Ал қоғам тарапынан қандай қателіктер жібереді? Осындай маңызды, өзекті мәселелер қызу талқыланып оң шешімдерін тауып, бірлескен ойларын ортаға салды. Жақсы идеяларымен бөлісті.

- 12 Окт
- 2023