Білім беру ұйымдарындағы инновациялық менеджмент

2022 жылдың 6 сәуірінде Алматы қаласының №94 мектеп-гимназиясы базасында Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының басшыларына арналған, мектеп-гимназия директоры Ботабекова Айгүл Абдрашитқызы, оның басқару командасы және Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушылары Тен А.С., Жартынова Ж.А. басшылығымен семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – инновациялық менеджмент және жан басына қаржыландыру саласындағы директордың инновациялық тәжірибесін тарату. Мектеп-гимназияның басқару командасы қашықтықтан оқытудан кейін білімдегі кемшіліктерді жою бойынша, пәндерді оқыту сапасын арттыруда стратегиялық және тактикалық жоспарлауды және “Жетекші мектеп – инновациялық өзгерістердің тиімділігін арттырудағы кепілі” тақырыбындағы педагогикалық тәжірибесін ұсынды. Өрлеу ББЖҚБАРИ оқытушылары сабақтың әр кезеңінде SMART-технологияларды пайдалану бойынша мастер-класс, сондай-ақ, “Заманауи эссе” және “Lesson Study қадамдық жоспарлау” тақырыптары бойынша коучинг-сессия өткізді.

Кері байланыс қорытындысы бойынша қатысушылар диалогқа, инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда тәжірибе алмасуға жаңа серпін берген зияткерлік және жемісті жағдайды ұйымдастыруға, өткізуге және құруға жоғары баға берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар