Өрлеу-Павлодар филиалының қызметкерлері “Білім беру ұйымдарындағы қызметтік этика” тақырыбындағы семинарға қатысты. Оны “Өрлеу” БАҰО комплаенс-офицері ұйымдастырды.
📌Семинар барысында филиал қызметкерлеріне ең алдымен “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл” үлгілік базалық бағытын іске асырудың өзектілігіне, сондай-ақ “Өрлеу” филиалдарының жүзеге асырылып жатқан жоба шеңберінде міндеттерді сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударылды.
📌Кейін, спикер білім беру ұйымдарындағы қызметтік этиканың негіздеріне қоғамдағы этика мәселесін реттелуіне, білім беру саласындағы этикалық нормаларды реттеудің құқықтық негіздеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, семинар-кеңеске қатысушылар үшін қызметкерлермен, контрагенттер мен әріптестермен қарым-қатынас жасау туралы ақпарат жеткізілді.