Білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту, осы салаға нағыз мамандарды тарту қажеттігі туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Білім берудегі менеджмент» курсының маңызы зор.
Бүгін Институт директоры С.С.Құрманбекова Тараз қаласында өз біліктіліктерін арттыруға келген облыс мектептерінің білім беру ұйымдары басшыларымен кездесті. Білім саласындағы өзекті мәселелер мен мектепті басқару, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы басшының рөлі, т.б. мәселелер жөнінде пікірлесті.
