Білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы жалғасуда

11 – 22 қыркүйек аралығында «Өрлеу» – Астана Кәсіби даму институтында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттеріне арналған «Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс жалғасуда.

Курс бағдарламасының мақсаты: ЕБҚ бар білім алушылардың оқуда/сабақтарда мінез-құлық ережелерін және жеке сүйемелдеу арқылы дербес оқу қызметін орындау қабілетін қалыптастыруда педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Міндеттері:
▫️ЕБҚ бар білім алушылардың оқуда/сабақтарда мінез-құлық ережелерін орындау және дербес оқу қызметін дамыту қабілетін қалыптастыруда педагог-ассистенттің қызметі бойынша теориялық материалды жүйелеу.
▫️ЕБҚ бар білім алушылардың оқуда/сабақтарда мінез-құлық қағидаларын орындау және дербес оқу қызметін дамыту қабілетін қалыптастыруда ЕБҚ жеке сүйемелдеуді жүзеге асырудың мазмұнын, әдістерін, тәсілдерін, нысандарын айқындауда педагог-ассистенттің құзыреттілігін жетілдіру.
▫️Педагог – ассистенттің курстан кейінгі практикасын ЕБҚ бар баланың сүйемелдеуімен құрылымдау.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар