«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» тарапынан облыстық рейтинг қорытындысымен кризистік жағдайдағы екі мектепке әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірлескен жұмыстың іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған байланысты ү.ж. 21 қарашасы күні Институт директоры С.С.Құрманбекова Байзақ ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Р.Өскенбаевпен, Ә.Жанқұлиев, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директорлары А.С.Амиров және А.Н.Нысанбаевпен кездесіп, мектепті дамытудың тиімді жолдары мен әлеуметтік әріптестік аясында Институт қызметкерлері тарапынан көрсетілетін әдістемелік көмек түрлері туралы пікір алмасты.
