Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман

2025 жылғы 21 тамызда Шығыс Қазақстан облысында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз конференциясы өтті.

Конференция мақсаты – адал әрі жауапты азамат тәрбиелеудің, жоғары білікті маман даярлаудың тиімді тәсілдерін талқылау, педагогтер, мемлекеттік органдар өкілдері, ЖОО, әлеуметтік серіктестер мен өңір жұртшылығы арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ жаңа оқу жылына арналған басым міндеттерді айқындау.

Конференция жұмысына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Оспанов Еділ Сабырұлы қатысты.

Педагогикалық қауым үшін маңызды сәт – облыстық білім басқармасының жаңа басшысы Оқасов Қуат Барысұлының таныстырылуы болды.

Сонымен қатар, шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Жуманова Гаухар Сайлаубековна қатысты.

Конференция бағдарламасы:

• инновациялық цифрлық технологиялар көрмесі;

• аймақ басшылары мен білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен пленарлық отырыс;

• талқылаулар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылдау;

• педагогтер мен білім беру ұйымдарын марапаттау рәсімі — «Құрмет» орденін, «Ағарту ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерін, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын, сондай-ақ «2025 жылдың үздік орта білім беру ұйымы» грантының сертификаттарын табыстау.

Конференция педагогтердің кәсіби қауымдастығына тәжірибе алмасуға, білім беру жүйесін дамыту бағыттарын айқындауға және еліміздің болашағына үлес қосып жүрген ұстаздарды қолдауға арналған маңызды алаңға айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар